13-15 маусым аралығында Ақтоғай ауданының "Факел" сауықтыру лагерінде Қарағанды облысы педагогтер қауымдастығының "Заманауи білімге бірлескен қадам" жазғы лагері өтті.
15-06-2022 12:38
13-15 маусым аралығында Ақтоғай ауданының
      Жазғы мектептің мақсаты: жас педагогтердің кәсіби қалыптасу мәселелеріне назар аударту, олардың кәсіби өсуі үшін жағдайларды жақсарту, шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогтердің кәсіби мәртебесін арттыру.
Жазғы мектепке қатысуға 5 жылға дейінгі педагогикалық өтілі, кәсіби жетістіктері бар жас педагогтер, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, әдіскерлер, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, тәлімгерлер шақырылды.
Осындай форматтағы іс-шара білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
Мұғалімдерге арналған лагерь ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы, «Өркен» педагогтер қауымдастығы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы. 
Лагерь жұмысы аясында спорттық, танымдық, ойын-сауық және оқыту іс-шараларынан, шеберлік сабақтардан тұратын үш күндік бағдарлама жасалды. 
Лагерьдің бірінші күні педагогтер аймақтың жетекші жас мамандарынан шеберлік сабақтарына қатысып, заманауи педагогикалық технологиялар мен формалар мәселелерін қозғап, дискуссия алаңында кездесті. Сонымен қатар спорттық ойындармен жалғасты.
Екінші күн Қазақстанның 100 киелі жері қатарына кірген ауданның киелі жерлерінің бірі Әулие-ата үңгіріне сапардан басталды. Күннің екінші жартысында шеберлік сабақтар және бауырсақ-патимен жалғасып, командалық ойындар ұйымдастырылды. 
Мұғалімдер үшін жазғы лагерьдің үшінші күні шеберлік сабақтар және жабылу салтанатымен аяқталды.
Жазғы лагерьдің жабылу салтанатында орталық директоры Бакиткул Абдикерова жазғы мектеп жүмысы бойынша белсенді қатысқан педагогтерге алғыс хаттар табыс етті. Лагерь қатысушылары жыл сайын осындай іс-шараларды өткізу туралы тілектерін білдірді.