Батыс-Қазақстан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығымен» ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы іс-шаралар жоспары бойынша колледждердің қабылдау кампанияларының мүшелеріне арналған Республикалық семинар
16-06-2022 12:43
Батыс-Қазақстан облысының білім  басқармасының   «Білім беруді дамыту орталығымен»  ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы іс-шаралар жоспары бойынша колледждердің қабылдау кампанияларының мүшелеріне  арналған Республикалық семинар

      2022 жылдың 16 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығы  ZOOM платформасында Батыс-Қазақстан облысының білім  басқармасының  «Білім беруді дамыту орталығымен»  ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы іс-шаралар жоспары бойынша «Қабылдау кампаниясының жұмысын ұйымдастыру – кәсіби бағдар берушінің  психологиялық және ақпараттық құралдары» тақырыбындағы  колледждердің қабылдау кампанияларының мүшелеріне  арналған Республикалық семинар өткізді.

Қатысушылар ретінде қабылдау науқанының мүшелері, Батыс Қазақстан облысы ТжКОБКББ ұйымдарының кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты педагогтері шақырылды. Семинар барысында спикерлер келесі бағыттар бойынша тәжірибелерімен бөлісті:

  • Рашит Белгибаев, «Кәсіптік бағдар беру-хэдхантингтік экожүйесі» жобасының жетекшісі, «Кәсіптік бағдар беру жұмысының заманауи технологиялары»;
  • Свердлова Елена Александровна,«Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ оқу жұмысы директорының орынбасары, «Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру кезіндегі цифрлық өзара әрекеттесу»тақырыбында баяндама жасады;
  • Спанова Надия Калиевна,«Ж.Е. Букенов атындағы Қарағанды  банк колледжі» ЖММ кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және мониторинг бөлімінің басшысы, «Кәсіптік бағдар: нормативтік-құқықтық негіз және қызмет регламенттері» тақырыбында баяндама жасады;
  • Байгошкаров Галымжан Муратович,«Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері,  «Қарағанды техника-құрылыс колледжіндегі кәсіби сынамалар. Оқушыларды кәсіптік бағдарлаудағы стандартты емес тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады.

Аталған барлық баяндамалар қабылдау кампаниясының мүшелерініңкәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етті.

Семинарға облыс колледждерінің қабылдау науқанының 89  өкілдері қатысты.