Әдістемелік бірлестік отырысы
17-06-2022 00:42
Әдістемелік бірлестік отырысы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 17 маусымында ZOOM платформасында мамандандырылған мектеп-интернаттың химия, биология пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысын өткізді.

Әдістемелік бірлестік отырысында Жамбыл атындағы ММИ, Зияткер және Абай атындағы ММИ мұғалімдері 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстарын басшылыққа ала отырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқау хаттың жобасы талқыланып, ұсыныс шығарылды