Әдістемелік күн
21-06-2022 10:41
Әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 21 маусымында офлайн режимде және ZOOM платформасында мамандандырылған мектеп-интернат директорлары мен директорларының орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күннің жұмысы барысында ОӘО директоры Б.Х. Әбдікерова және орталық әдіскерлері 2021-2022 оқу жылында мамандандырылған мектеп-интернаттардың атқарған жұмыстары бойынша талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша келесі оқу жылына жұмысты ұйымдастыру және мектеп педагогтерін аттестаттаудан өтуге дайындау бойынша ұсынымдар берілді.

Оқу жылының қорытындысы бойынша өткізілген іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін мектеп-интернаттардың педагогтері мен директорлары білім басқармасының Құрмет грамоталарымен және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

  • «Мұрагер» ММИ директоры Утебаев Нургазы Газизович
    • «Дарын» ММИ директоры Темерханова Ляззат Аскаровна
    • Н.Нұрмақов атындағы ММИ директоры Султанов Сейфулмалик Абзалұлы
    • Жамбыл атындағы ММИ директоры Букенов Бекторе Кисыкович
    • «Абай» ММИ директоры Бажибаева Алия Сулейменовна
    • «Озат» АТ ММИ директоры Жекебаев Саян Шайкенович.