Анонс
25-08-2022 09:11
11-25 тамыз аралығында «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» атты өңір педагогтерінің жыл сайынғы тамыз кеңесі аясындағы секциялық отырыстар өтеді. Отырыстар қазақ және орыс тілдерінде 36 бағыт бойынша ұйымдастырылады. Жұмысқа Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары, педагогтер, сондай-ақ білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлері қатысады.