«Абай және рухани кемелділік» онлайн сұхбат
2022 жылдың 10 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ ұйымдастыруымен Абай күніне орай «Абай және рухани кемелділік тақырыбында онлайн сұхбат өтті.Онлайн сұхбаттың спикерлері ретінде Абайтанушы, «Жарым адамнан толық адамға» кітабының авторы Сұлтан Ыбырай және «Толық адам және 4 даму» жобасы, «Абай арқылы ағылшынша үйрен» әдістемесінің авторы Ернат Мелсұлы қатысып, ойларымен бөлісті. Тағылымды сұхбатқа «Абай мектептері альянсы» бастаған барлық облыс мектептерінің ұстаздары қатысып, көкейлеріндегі Абай жайлы сұрақтарға жауаптарын алып, ризашылықтарын білдірді.





umc-ro@umckrg.gov.kz








