«Абай және рухани кемелділік» онлайн сұхбат
10-08-2022 11:02
«Абай және рухани кемелділік» онлайн сұхбат

 

      2022 жылдың 10 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ ұйымдастыруымен Абай күніне орай «Абай және рухани кемелділік тақырыбында онлайн сұхбат өтті.Онлайн сұхбаттың спикерлері ретінде  Абайтанушы, «Жарым адамнан толық адамға» кітабының авторы Сұлтан Ыбырай және «Толық адам және 4 даму» жобасы, «Абай арқылы ағылшынша үйрен» әдістемесінің авторы Ернат Мелсұлы қатысып, ойларымен бөлісті. Тағылымды сұхбатқа «Абай мектептері альянсы» бастаған барлық облыс мектептерінің ұстаздары қатысып, көкейлеріндегі Абай жайлы сұрақтарға жауаптарын алып, ризашылықтарын білдірді.