Арнайы мектеп-интернаттар директорлардың тамыз секциялық отырысы
11-08-2022 14:15
Арнайы мектеп-интернаттар директорлардың тамыз секциялық отырысы

      2022 жылдың 11 тамызында «Цифрлық технологиялар дәуіріндегі көшбасшылық пен оқыту»  тақырыбында арнайы мектеп-интернаттар директорларының тамыз секциялық отырысы өтті.

«№4 арнайы мектеп-интернат»  КММ  директоры Амандыкова Эльмира Жаңбырбайқызы, «№2 арнайы мектеп-интернат»  КММ директоры Киргизбаева Гульнар Маулетбаевна, «№9 арнайы мектеп-интернат»  КММ директоры Бесжигитова Салтанат Тулегеновна  арнайы мектеп-интернат жағдайында түзету-дамыту ортасын құру, спорт секциялардың және  шығармашылық үйірмелердің қызметін ұйымдастыру, жобалық қызметтегі  жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Отырыс қорытындысы бойынша 2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың басым бағыттары айқындалып,  ұсынымдар әзірленді.