Арнайы мектеп-интернаттар директорлардың тамыз секциялық отырысы
2022 жылдың 11 тамызында «Цифрлық технологиялар дәуіріндегі көшбасшылық пен оқыту» тақырыбында арнайы мектеп-интернаттар директорларының тамыз секциялық отырысы өтті.
«№4 арнайы мектеп-интернат» КММ директоры Амандыкова Эльмира Жаңбырбайқызы, «№2 арнайы мектеп-интернат» КММ директоры Киргизбаева Гульнар Маулетбаевна, «№9 арнайы мектеп-интернат» КММ директоры Бесжигитова Салтанат Тулегеновна арнайы мектеп-интернат жағдайында түзету-дамыту ортасын құру, спорт секциялардың және шығармашылық үйірмелердің қызметін ұйымдастыру, жобалық қызметтегі жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Отырыс қорытындысы бойынша 2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың басым бағыттары айқындалып, ұсынымдар әзірленді.