Ақпараттандыруға жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары және информатика пәні мұғалімдері; әдістемелік бірлестік басшыларына арналған тамыз кеңесі секциялық отырысы
15-08-2022 15:01
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары және информатика пәні мұғалімдері; әдістемелік бірлестік басшыларына арналған тамыз кеңесі секциялық отырысы

      2022 жылдың 15 тамызында Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ақпараттандыруға жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары және информатика пәні мұғалімдері; әдістемелік бірлестік басшылары үшін ZOOM платформасында онлайн режимде педагог қызметкерлерінің облыстық  тамыз кеңесі аясында ұйымдастырылған «Білім беруді ақпараттандыру жағдайында құндылыққа бағдарланған оқыту» секциялық отырысын өткізді.

Секциялық отырыстың мақсаты оқу процесіне ақпараттық технологияларды белсенді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыруболып табылады.

Секциялық отырыс келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • Оқу бағдарламасына hardware және software бағдарламасын енгізу;
  • Информатика сабақтарындағы жобалық-зерттеу қызметі: оқуға ынталандыру мен оқытудың тиімділігі арасындағы байланыс;
  • «01 Математика» жүйесінің тұсаукесері. «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ-дағы өзгерістер. Жаңа оқу жылына дайындық;
  • Білім беруді цифрландыру жағдайындағы киберпедагогика;
  • Информатика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық.