Тамыз конференциясының «Заманауи колледж жағдайындағы тәрбие жұмысының басымдылығы» тақырыбындағы секциялық отырысы
15-08-2022 09:34
Тамыз конференциясының  «Заманауи колледж жағдайындағы тәрбие жұмысының басымдылығы» тақырыбындағы секциялық отырысы

      2022 жылдың 15 тамызында Қарағанды ​​облысысындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Заманауи колледждегі тәрбие жұмысының басымдылығы» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.

Қарағанды ​​облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» АҒПО зертханаларының меңгерушісі Татьяна Витальевна Любчанская отырыс қатысушыларына білім беру ұйымдарындағы әлеуметтендіру критерийінің маңыздылығы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы  Е.О.Козлова бірінші курс студенттерінің бейімделуі бойынша ұсыныстар берді.

Қарағанды ​​техника-құрылыс колледжі директорының орынбасары К.А.Жуманбаева колледжде ерекше қажеттіліктері бар студенттерге сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Облыстықәдістемелік бірлестігінің төрайымы А.О. Абельгазинаның жетекшілігімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Жігер» қозғалысы аясындағы студент жастардың мәселелерін талқылады.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Оспанова А.К. конференцияға қатысушыларды «Құқықтық мәдениет мектебі» жобасымен таныстырып, 2022-2023 оқу жылына арналған міндеттерді жариялады.

Шараға облыс бойынша 68 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар мен колледж топтарының кураторлары қатысты.