«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысы түлектерді табысты жұмысқа орналастыру факторы ретінде» тақырыбындағы тамыз конференциясының секциялық отырысы
15-08-2022 09:39
 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысы түлектерді табысты жұмысқа орналастыру факторы ретінде» тақырыбындағы тамыз конференциясының секциялық отырысы

      2022 жылдың 15 тамызында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысы түлектерді табысты жұмысқа орналастыру факторы ретінде» тақырыбында директорлардың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасарлары, Қарағанды облысының колледждерінде кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты педагогтерүшін тамыз конференциясының секциялық отырысы өтті№

Іс-шара құрметті қонағы Қарағанда облысының кәсіпкерлер Палатасы,  кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы  Касимова Меруерт Минкеновна болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері О.Н. Кирпан 2021-2022 оқу жылында бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасады.

Сондай-ақ, іс-шара барысында облыс колледждерінің келесі өкілдері сөз сөйледі:

Кетерлинг Е. О., «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММөндірістік оқу шебері, «Шаштараз» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы,  «Кәсіптік бағдар беру жұмысы кезіндегі желілік жұмыс»  тақырыбында;

Альшимбаев А.А., «Б.Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК әдіскері, «Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжінде мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудегі қолданылатын заманауи тәсілдер» тақырыбында;

Тусупбеков А.А.,  «Қарағанды индустриалды-технологиялық  колледжі» КММ директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу орталығының тиімділігі» тақырыбында;

Шалғынбаев Б.К., «Қарағанды теміржол колледжі» КММ директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, «Дуальды білім беру түлектердің еңбек нарығына сәтті бейімделу факторы ретінде» тақырыбында.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, 2022-2023 оқу жылына кәсіптік бағдар беру жұмысының басым міндеттері айқындалды.