«Worldskills: білім беру мен кәсіби дайындыққа жаңа көзқарас» тақырыбы бойынша тамыз конференциясының секциялық отырысы
16-08-2022 21:25
«Worldskills: білім беру мен кәсіби дайындыққа жаңа көзқарас» тақырыбы бойынша тамыз конференциясының секциялық отырысы

      2022 жылдың 16 тамызында Қарағанды облысы колледждері директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Worldskills чемпионатының құзыреттілігі бойынша инженерлік-педагогикалық қызметкерлері үшін «Worldskills: білім беру мен кәсіби дайындыққа жаңа көзқарас» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.

«Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының бастығы Р.Г.Гасимов жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру құралы ретінде WorldSkillsKazakhstan қозғалысы туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, WorldSkills - 2022 ұлттық және халықаралық чемпионаттарын өткізу тәртібімен таныстырды.

Worldskills Karaganda-2022 аймақтық чемпионатын өткізу нәтижелері, 2022-2023 оқу жылына арналған міндеттер туралы «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскеріА.З. Мухамедьярова айтып берді.

Қарағанды облысы бойынша Worldskills қозғалысының Техникалық Делегаты, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директоры С.Е. Ақбергенова бірқатар проблемалар мен оларды шешу жолдарын анықтап, Қарағанды облысында Worldskills қозғалысын одан әрі дамыту перспективаларын айқындады.

2022 жылы есту қабілеті бұзылған жастар арасында «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша DeafSkills кәсіби шеберлік байқауы алғаш рет өткізілді, бұл туралы «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары М.О.Сабырова айтып берді.

«Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директоры Ж.З. Рахимова «Бахус» әлеуметтік серіктесімен бірлесіп кәсіби шеберлік сайысын өткізу тәжірибесімен бөлісті.

2022-2023 оқу жылында демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу тәртібімен «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ директоры, «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша бас сарапшы Д.В.Цай таныстырды.

Секциялық отырыс спикерлері өзекті мәселелерді ашып, Қарағанды облысында Worldskills қозғалысын дамыту перспективаларын қарастырып, ұсыныстар берді. Қатысушылар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап алды.

Іс-шараға Қарағанды облысы колледждері  директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі 83 орынбасары, инженерлік-педагогикалық қызметкерлері қатысты.