Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының 2013-2014 оқу жылындағы балалар үйлері мен арнайы (коррекциялық) мектеп-интернаттары педагогтары арасындағы «Үздік электронды портфолио» атты облыстық кәсіби фестивалінің қорытындысы жасалды.
Фестиваль білім саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, педагогтар кәсіби құзыретін арттыру мақсатында өткізілді.
Конкурсқа даму мүмкіндіктері шектелген облыстық балалар үйлерінің, даму мүмкіндіктері шектелген балараға арналған №3 мектеп-интернатының, психологиялық-педагогикалық коррекция кабинетінің, психикалық дамуы шектелген балаларға арналған мектеп-интернаттың, тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернатының педагогтары қатысты.
«Үздік электронды портфолио» атты облыстық кәсіби фестивалінің жеңімпаздары дипломдар мен сертификаттармен марапатталды.