Қарағанды облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің Тамыз кеңесі аясындағы секциялық отырысы
17-08-2022 16:52
Қарағанды облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  Тамыз кеңесі аясындағы секциялық отырысы

      2022 жылдың  17 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәніне жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, әдіскерлері, әдістемелік бірлестік жетекшілері және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған (Т1,Т2) «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін құндылықтарға бағыттап оқыту» тақырыбындағы секциялық отырысын өткізді.

Алқалы жиынға арнайы шақырылған Қазақстан Оқу Ассоциациясының президенті, IDEAC төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты Копбаева Зейнегуль Жанабековна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Серік Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Рауандина Айтжамал Калкеновна, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық  орталығы»  АҚ филиалы ҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы Мукушева Меруерт Алтынбековна және Балқаш қаласы «Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Амирова Лаура Кадиртаевна, Қарағанды қаласы «№ 8 жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Макачева Гулим Кунгалиевнабілім алушылардың білім сапасын арттыру және білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін құндылықтарға бағыттап оқыту, білім беруді дамытудың басты тенденциялары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі мәселелері төңірегінде ой бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.

          Сонымен қатар, секциялық отырыста өткен оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері сараланып, туындаған мәселелер талқыланды, даму перспективалары нақтыланды және көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.