Размер шрифта:
Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы
17-08-2022 15:17
Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы

      Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 17 тамызында онлайн режимде бастауыш мектепке жетекшілік ететін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектептегі құндылыққа бағытталған білім» тақырыбында секциялық отырыс өткізілді.

Отырыс бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі мен оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында Бастауыш білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары мен өзекті мәселелерін талқылау мақсатында өтті.

Секция жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы академияның орта білім беру институтының «Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру» зертханасының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Таубай Пернегүл Таубайқызы қатысты. Қатысушыларды 2022-2023 оқу жылында бастауыш мектептің оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды.

Қарағанды облысының «Сыни ойлауды дамыту» қоғамдық бірлестігінің директоры Вафина Елена Леонидовна сыни ойлауды дамыту технологияларын қолдану арқылы заманауи педагогтің құзыреттілігін қалыптастыру туралы сөз қозғады.

Қарағанды қаласының «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, облыстық қауымдастық төрайымы Тусупова Алмагуль Маратовна 2021-2022 оқу жылындағы бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының жұмысына талдау жасады. Облыс педагогтары «Зерек» жобасын іске асыру, жобалау-зерттеу қызметі бойынша жұмысты ұйымдастыру, оқу сауаттылығын дамыту, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, бастауыш сынып оқушыларының дағдылары мен құзыреттілігін дамыту мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне, тәсілдеріне, құндылыққа бағдарланған білімге ерекше назар аударылды.

Рефлексия барысында алынған материалдың практикалық бағыттылығы атап өтілді.  Бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысына  Қарағанды облысының 500-ден астам педагогтері қатысты.