Кітапханашылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы
24-08-2022 17:16
Кітапханашылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы

      2022 жылдың 24 тамызында кітапханашылардың облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында онлайн форматта ұйымдастыру отырысы өтті.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар облыстық әдістемелік бірлестіктің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен, «Оқуға құштар колледждің» Тұжырымдамасымен және 2022-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарымен таныстырылды. Сондай-ақ, облыстық әдістемелік бірлестік қатысушыларының құрамын қалыптастыру үшін кітапханашылар базасын толтыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Отырысқа облыс колледждерінен 20 кітапханашы қатысты.