Химия, биология пәндері мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысы
26-08-2022 16:28
Химия, биология пәндері мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 26 тамызында мамандандырылған мектеп-интернаттардың химия, биология пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысын ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өткізді.

          Педагогтерге 2022-2023 оқу жылында ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтылды.

Отырыстадиалог әдісімен, химия, биология пәнін оқытуда құндылыққа бағдарланған қандай әдіс-тәсілді іске асыруға болатыны туралы талқыланып ой бөлісті.

          Өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға сараптама жасалып, келесі оқу жылындағы жоспармен таныстырылып, әрі алдағы оқу жылына міндеттер қойылды. Химия, биология пәндері форумында ұйымдастырылатын көрменің бағыттары талқыланды.

Қатысушылар саны: 20