«Тіл - қазына» атты республикалық дөңгелек үстелі
05-09-2022 14:40
«Тіл - қазына» атты республикалық дөңгелек үстелі

      2022 жылдың 5 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды агротехникалық колледжімен бірлесіп колледждердің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары арасында ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған  «Тіл - қазына» атты республикалық дөңгелек үстелін ұйымдастырып, өткізді.

Шараға облысымыздың колледждерінің 80-нен астам оқытушыларымен қоса Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының мамандары, сондай-ақ Ұлытау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары колледждерінің оқытушылары мен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану  музейінің өкілі қатысты.

Дөңгелек үстел барысында баяндамашылар (Байболатова П.Б., Бекбергенов А.И., Оташева Н.Қ., Кенжебаева З.Д., Каримова Б.М., Шагатаева Б., Бекарыстанова А.М., Баймолдина А.С.)«Қазағым, елім... (Ахмет Байтұрсынұлының қоғам белсендісі, мемлекет қайраткерлігі, публицист қырларын ашу)», «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін салушы», «Ұлттың Ұлы ҰСТАЗЫ (Ахмет Байтұрсынұлы - ғалым-ағартушы)», «Адамдық диқаншысы»(Ахмет мұраларының (мысалдары, аудармалары және т.б.) құндылығы мен маңыздылығы хақында) бағыттары бойыншажан-жақты талдау жасап, ой толғады.

Шараға қатысушылар ашық диалог алаңдарында өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

Дөңгелек үстел соңында ұйымдастырушылар Ахмет Байтұрсынұлының «Анаға хат» әнін домбраның сүйемелдеуімен орындады.