Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн
08-09-2022 09:54
Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн

      2022 жылдың 08 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM режимінде әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді. Қарағанды облысының білім бөлімдерінің 88 әдіскері қатысты.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:  

1.      Білім беру ұйымдарында IT-сыныптарды енгізу.

2.      Информатика мұғалімдеріне оқыту курстарын өткізу.

3.      Roboland-2022 фестивалін өткізу.

4.      «Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу» Республикалық педагогикалық құрылтайын өткізу.

5.      «Тәлімі мол тәлімгер» облыстық байқауын өткізу.

6.      «Жылдың үздік психологы – 2022» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу.

7.      «Информатика» пәнінің жас педагогтеріне арналған «Жас-Star» олимпиадасын өткізу.

8.      «Қашықтан BOOM» жобасы аясындағы облыс педагогтеріне өзекті курстар бойынша сауалнама жүргізу.

9.      Физика, математика, информатика мұғалімдерінің республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңін өткізу.

10.    2022-2023 оқу жылына арналған «Жаһандық құзыреттер» курсы бойынша шығармашылық зертханалар өткізу.

11.    «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу.

12.    Қазақстан халқының Тілдер күніне және А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған облыстық форум өткізу.

13.    Функционалдық сауаттылық бойынша апталар өткізу.

      Әдістемелік күн әдістемелік кабинеттер қызметінің басымдықтарын айқындауға, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтер мен әдіскерлерді қолдауға және көтермелеуге бағытталған, сондай-ақ әдіскерлер орталық қызметінің жоспарланған іс-шараларымен таныстырылды.