«Бағдарламашы күнін» мерекелеу шеңберіндегі облыстық семинар
13-09-2022 17:23
 «Бағдарламашы күнін» мерекелеу шеңберіндегі  облыстық семинар

      2022 жылдың  13 қыркүйегінде  онлайн режимде ZOOM платформасында «Бағдарламашы күнін»мерекелеу шеңберіндеҚарағанды облысының ТжКОБКББ  ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне  арналған облыстық семинар өтті.

Карантин кезеңі қызметтің көптеген салаларында интернет-технологияларды пайдаланудың барлық қажеттілігін көрсетті.

Әсіресе, зертханалық диагностика, Робототехника, басқаруды автоматтандыру, құрылыстағы Bim технологиялары сияқты салааралық оқыту бағыттары сұранысқа ие бола бастады. IT-мен байланысты салааралық бағыттарды дамыту қажеттілігі туралы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында да айтылған.

Облыстық семинарды өткізу бағдарламасына сәйкес келесі педагогтар түрлі бағыттар бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті:

  • Шегирова Гүлмира Болатқызы, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ  оқытушысы, «Mentimeter - easy-to-build presentations, interactive Polls, Quizzes, and Word Clouds mean more participation and less stress» тақырыбында;
  • Акедилова Нагима Куанышевна,  «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК  оқытушысы,  «Информатиканы оқуға мотивацияны арттыру құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану» тақырыбында;
  • Досымбетова Бахытгуль Сабурбаевна, «Балқаш сервис колледжі» КММ оқытушысы,  «Зияткерлік іс-шараларды өткізу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында.

Сондай-ақ, семинар барысында педагогтарға болашақта өз сабақтарында қолдануға болатын практикалық кейстер мен ситуациялық тапсырмаларды орындау ұсынылды.

Облыс бойынша 66  педагог қатысты.