2022 жылдың 13 қыркүйегінде онлайн режимде ZOOM платформасында «Бағдарламашы күнін»мерекелеу шеңберіндеҚарағанды облысының ТжКОБКББ ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арналған облыстық семинар өтті.
Карантин кезеңі қызметтің көптеген салаларында интернет-технологияларды пайдаланудың барлық қажеттілігін көрсетті.
Әсіресе, зертханалық диагностика, Робототехника, басқаруды автоматтандыру, құрылыстағы Bim технологиялары сияқты салааралық оқыту бағыттары сұранысқа ие бола бастады. IT-мен байланысты салааралық бағыттарды дамыту қажеттілігі туралы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында да айтылған.
Облыстық семинарды өткізу бағдарламасына сәйкес келесі педагогтар түрлі бағыттар бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті:
- Шегирова Гүлмира Болатқызы, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ оқытушысы, «Mentimeter - easy-to-build presentations, interactive Polls, Quizzes, and Word Clouds mean more participation and less stress» тақырыбында;
- Акедилова Нагима Куанышевна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, «Информатиканы оқуға мотивацияны арттыру құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану» тақырыбында;
- Досымбетова Бахытгуль Сабурбаевна, «Балқаш сервис колледжі» КММ оқытушысы, «Зияткерлік іс-шараларды өткізу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында.
Сондай-ақ, семинар барысында педагогтарға болашақта өз сабақтарында қолдануға болатын практикалық кейстер мен ситуациялық тапсырмаларды орындау ұсынылды.
Облыс бойынша 66 педагог қатысты.