Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
15-09-2022 17:40
 Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың қыркүйек айының 15-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  •  «RoboLand-2022» VII робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалін өткізу;
  •  «BeginIT» жобасы;
  • Қарағанды облысының жас педагогтеріне арналған информатика пәнінен «Жас – STAR» қашықтық олимпиадасына өтінімдерді қабылдау;
  • «Қашықтан BOOM» жобасы аясында сауалнамадан өту.

Әдістемелік күнге 27 маман қатысты.