Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған облыстық семинар-тренинг «Мұғалім – мектептің жүрегі»
15-09-2022 15:54
Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған облыстық семинар-тренинг  «Мұғалім – мектептің  жүрегі»

      2022 жылдың 15 қыркүйек күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарқаралы  ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен  Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Мұғалім – мектептің  жүрегі»тақырыбында облыстық   семинар-тренинг өткізілді. 

Семинар–тренинг барысында Ахмет Байтұрсынұлының  шығармашылығын, еңбектерін  таныту, мағлұматтар беру, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту мақсатында ашық сабақтар, тәрбие  сағаттары ұйымдастырылды. Талды  ауылындағы  №19 ЖББ мектептің  қазақ  тілі мен әдебиеті  мұғалімдері  А.Ж.Жилмасова, М.Қ.Смаханова, Ақтерек  ауылының №26 негізгі орта мектептің  қазақ  тілі  мен әдебиеті  мұғалімі Д.Абенов,  Қарағайлы кентіндегі №17 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі   Б.М.Түсіп өз іс-тәжірибелерімен  бөлісті. Семинар-тренинг соңында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының  әдіскері  Г.Б.Жаркеева аудан мұғалімдеріне әдістемелік  көмек көрсетті.