2022 жылдың 15 қыркүйек күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарқаралы ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Мұғалім – мектептің жүрегі»тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілді.
Семинар–тренинг барысында Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын, еңбектерін таныту, мағлұматтар беру, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту мақсатында ашық сабақтар, тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Талды ауылындағы №19 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері А.Ж.Жилмасова, М.Қ.Смаханова, Ақтерек ауылының №26 негізгі орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Д.Абенов, Қарағайлы кентіндегі №17 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Б.М.Түсіп өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар-тренинг соңында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г.Б.Жаркеева аудан мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті.