«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫП» БЕЙІНДІК ЖОБА
23-09-2022 17:19
 «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫП» БЕЙІНДІК ЖОБА
     2022 жылы 23 қыркүйекте Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Педагогикалық сынып» облыстық жобасы аясында «Педагогикадан элективті және факультативтік курстарды жүзеге асыру» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде нетворкинг өткізді. Қарағанды қаласындағы «№82 ЖББМ» КММ оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Мектеп директоры Альмагамбетова У.А. «Педагогикалық сынып» бейіндік жобасының барысы туралы айтты.
Директордың орынбасары Дюсембаева М.Қ. «Мен-педагогпін!» факультативтік курс бағдарламасының мазмұнына жан-жақты тоқталды.
Педагог-психологтар Уварова А.В., Өміртаева Қ.Ө. оқушыларды кәсіби таңдауға дайындауда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету туралы айтты.
Математика мұғалімдері Жакишева Д.Е., Жакупова Б.К. «Педагогикалық сынып» бейіндік жобасында жұмыс тәжірибесін қорытындылады.
Аманкелді С.С., Тілейхан А.Т. әріптестерін мектептегі көшбасшылар қозғалысының жұмысымен таныстырды.

Нетворкингке қатысушылар саны 40 адамды құрады.