Размер шрифта:
Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн
23-09-2022 05:31
Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн

      2022 жылдың 23 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді. Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды: 

1.   Қарағанды облысы білім беру ұйымдары директорларының кадр резервіне «Болашақ басшы» оқыту курсын өткізу туралы.

2.   Облыстық  «Ауыл  шаруашылығына  қадам»  жобасын  жүзеге  асыру  туралы.

3.   Облыстық «Медициналық сынып» жобасын іске асыру туралы.

4.   «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен математика және бастауыш сынып мұғалімдері үшін біліктілік арттыру курсын өткізу туралы.

5.   Химия және биология мұғалімдеріне арналған «Үздік бейнесабақ» байқауын өткізу туралы.

6.   «Мұражайларға виртуалды экскурсиялар» облыстық қашықтық байқауын өткізу туралы.

7.   Мектепке дейінгі ұйымдарында «Сүйікті қалаға арналады» тарихи сауаттылық апталығын өткізу туралы. Өлкетану.

8.   «Күш-білімде» интерактивті білім беру ойындарының қашықтық байқауын өткізу туралы.

9.   Жас мамандарға арналған «Табыс симфониясы» байқауы.

10. «Қашықтық BOOM» жобасы аясында сауалнама жүргізу мониторингі. Қарағанды облысының білім бөлімдерінің 79әдіскері қатысты.