Тілдік емес мамандықтар студенттеріне арналған «The world of languages» V облыстық байқау
23-09-2022 17:40
Тілдік емес мамандықтар студенттеріне арналған «The world of languages» V облыстық байқау

      2022 жылдың 23 қыркүйегінде Zoom платформасында үштілді білім беру апталығының шеңберінде тілдік емес мамандықтар студенттеріне арналған «The world of languages» V облыстық байқауы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға облыс колледждерінің тілдік емес мамандықтарының 36 студенті қатысты.

Сайыс үш кезеңде өткізілді:

- 1 кезең - Lexical-grammatical test. Қатысушылар үш тілде (ағылшын, орыс, қазақ) лексикалық-грамматикалық тестілеуден өтті;

- 2 кезең - "Creative English" викторинасы. Қатысушыларға әрқайсысында сұрақ бар 25 ұяшықтан ұсынылып, студентке әр жауапқа ұпай берілді;

- 3 кезең – «Полиглот», онда қатысушыларға қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен ағылшын тіліне және ағылшын тілінен орыс немесе қазақ тілдеріне синхронды ауызша аударма жасау қажет болды.

Осы күні қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын анықтады:

1 орын - Тоимбеков Даниал, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті;

2 орын - Зиядаев Айдар, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ студенті;

3 орын – Мартбек Мөлдір, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ студенті.