Размер шрифта:
«Медицинаға қадам» медициналық сынып жобасы
04-10-2022 16:31
 «Медицинаға қадам» медициналық сынып жобасы

      Білім алушыларды ерте жастан медицина мамандығына кәсіби бағдарлау, дәрігер мамандығына деген қызығушылығын арттыру жұмыстарын мектепте тиімді ұйымдастыру тетіктерін жетілдіру мақсатында Қарағанды облысында «Медицинаға қадам» бейінді медициналық сынып жобасы өз жұмысын бастады.

Осыған орай, 2022 жылдың 04 қазанында ZOOM платформасында «Медицинаға қадам» бейінді медициналық сынып жобасының қалыптастырушы нетворкингі болып өтті.

 Нетворкингте медициналық сынып жобасының ережесімен таныстырылып, жоспары талқыланды.

Қарағанды қаласы «М.Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ педагогтері дәрігер мамандығы бойынша құндылықтардың маңыздылығы жағынан, оның медициналық жетік білімімен пара-пар тұрғанын ұғындырып, болашақ дәрігерлерде де құндылықтарды қалыптастыру өте маңызды екенін нақты дәлелдермен түсіндіріп, «Медицинаға қадам" жобасы аясында жүргізілген іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Нетворкинг соңында профессор Қонтаев С.С. қорытынды жасап, ұсыныстар айтты.