Размер шрифта:
«Әжемнің ертегісі»
06-10-2022 14:05
«Әжемнің ертегісі»
      2022 жылдың 6 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған «Әжемнің ертегісі» жобасын іске асырудағы ертегі-ойын кеңістігі» семинарын өткізді 
Семинар барысында «Ойлап, тап, жаса» ертегілеріне кейіпкерлерді дамыту бойынша шеберлік сыныптар, «Сторисек» технологиясы - қазақ халық ертегісіне деген қызығушылықты қалыптастыру құралы» технологиялары ұсынылды. 
      Семинардың қатысушылары: Қарағанды, Шахтинск, Сарань, Теміртау қалалары мен Абай және Бұқар жырау ауданының тәрбиешілері.
Іс-шара соңында «Әжемнін ертегілері» жобасы аясында пікірталас алаңы өтті. Семинарға мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардан 90-нан астам тәрбиешілер қатысты.