Размер шрифта:
Құрылыс саласы бойынша педагогтер арасындағы кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы
05-10-2022 14:21
Құрылыс саласы  бойынша  педагогтер арасындағы   кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсы

      2022 жылдың 05  қазанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен Қарағанды техника-құрылыс колледжі бірлесіп  құрылыс саласы  бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы   кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсын өткізді.

Байқаудың мақсаты құрылыс саласы бойынша ТжКОБКББ ұйымдарының талантты, дарынды,  шығармашылық педагогтерін  анықтау және  қолдау болып табылады.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 5 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын - Хуантхан Дина, «Теміртау индустриалды-технологиялық  колледжі» КММ оқытушысы;

2 орын - Балиева Диана Шокановна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ оқытушысы;

3 орын- Успанов Адилет Арманович,      «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы.

Аймақтық кезеңде 1-орын алған Конкурсант құрылыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.

Қатысушылар  Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.