Колледж оқытушыларына арналған аттестаттау ережелерін түсіндіру бойынша вебинарлар қатары
06-10-2022 21:13
Колледж оқытушыларына арналған аттестаттау ережелерін түсіндіру бойынша вебинарлар қатары

      2022 жылғы 4-6 қазан аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Аттестатталатын педагогтер портфолиосының кемшіліктері» тақырыбында вебинарлар қатары өткізілді.

Вебинарда колледж педагогтеріне педагогтерді аттестаттаудың регламенттейтін рәсімдері, нормативтік құжаттар, сондай-ақ портфолионы бағалау критерийлері түсіндірілді.

Вебинардың әрбір қатысушысы - ағымдағы оқу жылында аттестаттауды жоспарлаған педагог барлық қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

Жалпы, бес вебинар өткізу нәтижелері бойынша қатысқан педагогтарды қамту – 259 педагогты құрады.

Консультативтік-әдістемелік жұмыс жұмыс чаттарында және педагогтердің өтініші бойынша жеке ретте жалғастырылатын болады.