Размер шрифта:
Инновациялық мектептердің директорларына және директордың орынбасарларына арналған әдістемелік күн
11-10-2022 11:57
Инновациялық мектептердің директорларына және директордың орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      2022 жылдың 11 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM режимінде инновациялық мектептердің директорларына және директордың орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

 Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  1. Қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Үздік бейнесабақ» байқауы туралы.
  2. Педагогтерге арналған аттестаттау ережелерінің талаптары.
  3. Хаттама тапсырмаларының орындалуы:

1.«Қашықтықтан BOOM» жобасы аясында сауалнама жүргізу мониторингі.

2. Информатика пәнінің жас педагогтарына арналған «Жас-Star» олимпиадасының орындалуы.

3. «Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру мен тәрбиелеу» Республикалық педагогикалық құрылтайына педагогтердің қатысуының нәтижесі.

Қатысушылар саны: 70.