Инновациялық мектептердің директорларына және директордың орынбасарларына арналған әдістемелік күн
2022 жылдың 11 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM режимінде инновациялық мектептердің директорларына және директордың орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
- Қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Үздік бейнесабақ» байқауы туралы.
- Педагогтерге арналған аттестаттау ережелерінің талаптары.
- Хаттама тапсырмаларының орындалуы:
1.«Қашықтықтан BOOM» жобасы аясында сауалнама жүргізу мониторингі.
2. Информатика пәнінің жас педагогтарына арналған «Жас-Star» олимпиадасының орындалуы.
3. «Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру мен тәрбиелеу» Республикалық педагогикалық құрылтайына педагогтердің қатысуының нәтижесі.
Қатысушылар саны: 70.