14 қазан Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Алматы облыстары педагогтерінің қатысуымен онлайн режимде «Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу» тақырыбындағы республикалық педагогикалық Құрылтай өтеді.
Құрылтайдың мақсаты:білім беру жүйесіндегі жалпыұлттық құндылықтардың негізгі факторы ретінде зияткерлік-тәрбиелік капиталдың маңыздылығын арттыру.
Құрылтайдың пікірталас алаңдары:
1. «Кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы балалардың болашақ мансабын қалыптастыру».
2. «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»
3. «Білім берудегі инклюзия: мектеп пен колледжде инклюзивті ортаны қалыптастыру»
4. «Балалардың әл-ауқаты үшін ақпараттық мектеп мәдениетін қалай дамытуға болады»
5. «Мектеп пен колледжде ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту».
Өткізілетін уақыты мен орны:Оқу-әдістемелік орталығы каналы арқылы ZOOM конференциясы, 14 қазан.