Республикалық педагогикалық Құрылтай «Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»
14-10-2022 11:49

14 қазан  Қарағанды, Қостанай, Павлодар  және Алматы облыстары педагогтерінің қатысуымен онлайн режимде «Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу» тақырыбындағы республикалық педагогикалық Құрылтай өтеді.

Құрылтайдың мақсаты:білім беру жүйесіндегі жалпыұлттық құндылықтардың негізгі факторы ретінде зияткерлік-тәрбиелік капиталдың маңыздылығын арттыру.

Құрылтайдың пікірталас алаңдары:

1. «Кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы балалардың болашақ мансабын қалыптастыру».

2. «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

3. «Білім берудегі инклюзия: мектеп пен колледжде инклюзивті ортаны қалыптастыру»

4. «Балалардың әл-ауқаты үшін ақпараттық мектеп мәдениетін қалай дамытуға болады»

5. «Мектеп пен колледжде ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту».

 

Өткізілетін уақыты мен орны:Оқу-әдістемелік орталығы каналы арқылы ZOOM конференциясы, 14 қазан.