Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің нәтижелері
13-10-2022 15:44
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің нәтижелері

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК 19-29 қыркүйек аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының республикалық конкурсының өңірлік кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты - кәсіптік шеберлік деңгейін арттыру, ТжКББ ұйымдары педагогтерінің педагогикалық және ғылыми-әдістемелік қызметінің табысты тәжірибесін тарату және көрсету.  

Конкурс «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына сәйкес өткізілді.

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК қарауына Қарағанды облысының 9 ТжКОБ ұйымдарынан 37 авторлардың 32 жұмысы ұсынылды.

Конкурстық комиссияның бағалау нәтижелері бойынша ұсынылған 32 жұмыстың ішінен берілген талаптарға сәйкес келетін 20 жұмыс анықталды:

  1. Абкеева П.Х.,Кузенбаева Д.А., «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»ЖММ. «Cu» металлургия бойынша жұмысы дәптері, «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім» бағыты;
  2. Айтжанова А.К., «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ. «Тағам дайындау технологиясы» пәнінен жұмыс дәптері,  «Бағалау қызметі мен кері байланыс жұмыстарының кешені»бағыты;
  3. Белекбаева Л.К.,Каюмова И.И., «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»ЖММ. «Электротехника»  айнымалы ток тарауы бойынша жұмыс дәптері,  «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім»бағыты; 
  4. Джарылгасова А.Ж.,«Теміртау индустриалды-технологиялық  колледжі» КММ. «Құқық бұзушылық  профилактикасы туралы» тақырыбы бойынша әзірлеу, «Тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік өнім»бағыты;
  5. Дюсупова Ж.К.,  «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ. Инклюзивті білім беру үшін «Химия» пәні бойынша жұмыс дәптері, «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім»бағыты;
  6. Емельянова О.В.,  «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК. «Энергетические напитки»тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы, «Ғылыми-зерттеу жұмысы»бағыты;
  7. Жакупова К.З.,«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК. «Разработка и проведение учебных занятий на основе компетентностного подхода в обучении»әдістемелік ұсынымдары, «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім»бағыты;
  8. Жумкина Д.Б., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК. Цифрлық білім беру ресурстары (жеке сайт), «Цифрлік білім беру өнімі»бағыты;
  9. Жуманбаева К.А., Нартова Т.Г., Оспанова А.К., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК.«Создание  службы  психолого-педагогического  сопровождения студентов с особыми образовательными потребностями в организациях технического и профессионального образования» әдістемелік ұсынымдары, «Ғылыми-зерттеу жұмысы»бағыты;
  10. Кабылова М.Б., Макетова А.Р.,  «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ. «Жырдың мөлдір бастауы» жұмыс дәптері, «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім» бағыты;
  11. Калашникова И.А.,«Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының мамандарына, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істеу кезінде әдістемелік ұсынымдар (ЕББҚБ)», «Тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік өнім»бағыты;
  12. Калыкбекова М.А.,«Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»ЖММ. «Тригонометриялық функциялар» жұмыс дәптері, «Бағалау қызметі мен кері байланыс жұмыстарының кешені»бағыты;
  13. Кызылбаева Б.К., «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ. «Общая микробиология, вирусология»пәні бойынша жұмыс дәптері,  «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім»бағыты;
  14. Мұқаметжанова Ж.Д., «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»ЖММ. Triventy- онлайн викторина жасаушы платформасы, «Бағалау қызметі мен кері байланыс жұмыстарының кешені»бағыты;
  15. Сабырова М.О., «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ. «Пунктуация» бөлімі бойынша орыс тіліндегі жұмыс дәптері, «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім» бағыты;
  16. Садырбаева Р.Т., «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»ЖММ. «Сала экономикасы» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар, «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім» бағыты;
  17. Султангазиева А.Б., «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»ЖММ. «Құю жабдығын жобалау және модельді іс» пәні бойынша студенттерге арналған тәжірибелік жұмыстарға әдістемелік нұсқау, «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім» бағыты;
  18. Таймурзанова Т.Е.,«Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК. «Галсен» стендіне «Электротехника» бойынша зертханалық және практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім»бағыты;
  19. Шегирова Г.Б., «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»ЖММ. Canvas.instructure жүйесінде цифрленген сабақ, «Цифрлік білім беру өнімі»бағыты;
  20. Щеглова Н.В., «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ. «Эффективность лекарственных средств с истекшим сроком годности: мифы и реальность» ғылыми-зерттеу жұмысы, «Ғылыми-зерттеу жұмысы»бағыты.

 

Конкурстық комиссиясы ТжКОБ жүйесі ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының Республикалық конкурсына қатысу Ережесінің талаптарына сәйкес келетін 20 жұмысты ұсыну туралы шешім қабылдады.

Бұл жұмыстар бағалау кезеңіне қатысуға автордан 2022 жылғы 15 қазанына дейін (қоса алғанда) онлайн-өтінімдер арқылы жіберіледі. Байқау платформасына сілтеме: https://kasipkor.kz/prod/rkir/registration.php