2016 жылдың 22 қаңтар күні Саран қаласының Балалар-жастар орталығы базасында қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, тәлімгерлер, педагог-ұйымдастырушылар және педагогтерге арналған «Қазақстан оқушыларының белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру механизмдері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өткізілді.
Семинар ұйымдастырушылары: Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Саран қаласының балалар-жастар орталығы, Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайы, Шахтинск қаласының балалар-жасөспірімдер орталығы, Теміртау қаласының балалар-жасөспірімдер орталығы.
Семинардың қатысушылары (41 педагог): Шахтинск қаласының «Актив» аға тәлімгерлер клубы (жетекшісі А.И. Погребная) және Теміртау қаласы Балалар-жасөспірімдер орталығының «Жас көшбасшылар ассоциациясы» (жетекшісі Л.Н. Аникина) жұмысының тәжірибесімен танысты, «Топтық өзара қарым-қатынас» (Қарағанды қ. БЖС Е.С. Шумячкин, Р.В. Абильдин) тренингіне қатысты
Семинар аясында «Құқықтық экватор» ойыны (Шахтинск қ. БЖО әдіскері А.И. Погребная) өткізілді, дебат клубтарының жұмысын ұйымдастыру және дебат турнирлерін өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді (Саран қ. «Жас қанат» жастар көшбасшыларының ассоциациясының жетекшісі А.Н. Баева), «КТК» технологиялары қарастырылды (Қарағанды қ. БЖС Р.В. Абильдин, А.К. Альбазарова).