4 пікірталас алаңы. БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ МЕКТЕП МӘДЕНИЕТІН ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ.
14-10-2022 15:58
4 пікірталас алаңы. БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ МЕКТЕП МӘДЕНИЕТІН ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ.

2022 жылдың 14 қазанында Қарағанды облысындабілім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының 10 жылдығына арналған «Балалардың әл—ауқаты үшін ақпараттық мектеп мәдениетін қалай дамытуға болады» пікірталас алаңында мұғалімдер құрылтайы өтті.

Пікірталас алаңы аясында 2 сағат ішінде мынандай мәселелер талқыланды:

Білім беру бағдарламалары бойынша менеджер, Microsoft Қазақстан Нурметова Назиля Рауановна «Балалардың әл-ауқаты және көмекші құралдар»;

Турсунбаева Дина Жолаушиевна, Қарағанды қаласы «№97 гимназия» КММ,  «Информатика» пәні мұғалімі «Балалар мен жасөспірімдердің табысты дамуындағы цифрлық технологиялардың әсері»;

Қарағанды қаласы «Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебі» Такуова Раушан Сунгатулловна, бастауыш сынып мұғалімі және  Нуржаева Зауре Усмановна «Информатика» пәні мұғалімі, ««Мектеп театры» танымдық жобасын іске асыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық мектеп мәдениетін дамыту»; 

Подшивалова Валерия Игоревна, Балқаш қаласы, «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ информатика пәнінің мұғалімі «Оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру негіздері»;

Дюсенбекова Айнур Магатовна, «Білімал. Электронды мектеп» жобасыныың менеджері ««Білімал» білім беру мекемелеріне арналған автоматтандырылған басқару жүйелерінің кешені».

Мұғалім қандай болуы керек деген өз пікірлерімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімі Тобыл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебінің»  басшысының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары ,«Қазақ тілі» мен «Әдебиет» пәндерінің мұғалімі Смашова Сауле Жаксибековна, және басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, «Тарих» пәнінің мұғалімі Кожамбердиев Султан Аблекимович «Киберпедагог және z буыны: сабақта цифрлық технологияны қолдану» тақырыбында бөлісті.

Пікірталас алаңын өткізу шеңберінде ББД ОӘО директордың орынбасары Аринов Есбол Рымбекович«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының инновациялық жобалары» жайлы атап өтті.

Сартаева Жансая Ахмедьяновна, ББД ОӘО бөлім меңгерушісі пікірталас алаңын қорытындылады.

Пікірталас алаңының рефлексиясы барысында педагогтер спикерлердің жоғары деңгейін атап өтті және тәжірибемен алмасу  бойынша бірлескен жұмысты ұсынды.

Алаңға Республикалық педагогтер, оның ішінде Қостанай, Түркістан, Шымкент және Алматы облыстары қатысты.

Барлығы 100 педагог қамтылды.