Размер шрифта:
«Білім берудегі инклюзия: колледждер мен мектептепте инклюзивті ортаны қалыптастыру» пікірталас алаңының жұмысы
14-10-2022 17:37
«Білім берудегі инклюзия: колледждер мен мектептепте инклюзивті ортаны қалыптастыру» пікірталас алаңының жұмысы

      2022 жылғы 14 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының 10 жылдығы аясында «Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу» атты республикалық педагогикалық құрылтайы өткізілді.

«Білім берудегі инклюзия: колледждер мен мектептепте инклюзивті ортаны қалыптастыру» үшінші пікірталас алаңының жұмысында инклюзивті практиканы ұйымдастыру және іске асыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Әріптестер инновациялық заманауи әдістер мен технологияларды қолдану, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту, сөйлеу және танымдық даму мәселелері, балаларға жаңа ақпаратты тез және сапалы есте сақтауға мүмкіндік беретін интеллект-карталарды пайдалану бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Пікірталас алаңы жұмысының қорытындысы бойынша әріптестер құрылтайдың өзектілігін, маңыздылығын және уақытылы өткізілуін атап өтіп, аталмыш іс-шараны ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдірді.

Спикерлер ретінде сөз сөйледі:

Рымханова Айнагүл Рымбекқызы, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті; Әбдірахманова Светлана Владимировна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ; Сұлтанбекова Мөлдір Далабайқызы, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК; Аушева Ирина Сергеевна, Шахтинск қаласысының «Снегурочка бала-бақшасы» КМҚК; Әбділдина Зәуре Сәдуақасқызы, Әбікенова Мадина Бауыржанқызы Балқаш қаласының «Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ; Гекле Диана Викторовна, Қарағанды қаласының «№ 23 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Масленникова Ирина Анатольевна, Қарағанды қаласының «№48 Жалпы білім беретін мектеп» КММ; Сартаева Айнұр Төлеутайқызы, Балқаш қаласының «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектебі» КММ; Қойшыбаева Арман Сайлаубекқызы, Қарағанды қаласының «№27 Жалпы білім беретін мектеп» КММ.

Жалпы 185 педагог қатысты.