Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының мұражайлары мен Мектептер Альянсының жұмыс отырысы
17-10-2022 12:04
 Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының мұражайлары  мен Мектептер Альянсының жұмыс отырысы
      2022 жылдың 17 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың 
оқу-әдістемелік орталығы Облыстық  білім беру ұйымдарының мұражайлары мен Мектептер
Альянсының жұмыс отырысын өткізді.

Отырысқа Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, мұражай жұмыстарына жетекшілік ететін педагогтер қатысты.

Отырыс барысында ҚО ББД ОӘО әдіскері Г.Б.Жаркеева, А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шаралар туралы, ҚО ББД ОӘО әдіскері С.Б.Рахметова облыстық білім беру ұйымдарының мұражайлары туралы және Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскері Ш.М.Абдирбаева «Мұражайға виртуалды экскурсия» байқауы жөнінде сөз сөйлеп, ойларымен бөлісті.