Размер шрифта:
Педагогикалық еңбек ардагерлерінің Қарағанды облысының жас педагогтерімен кездесуі
17-10-2022 17:54
Педагогикалық еңбек ардагерлерінің Қарағанды облысының жас педагогтерімен кездесуі

      2022 жылдың 17 қазанында оқу-әдістемелік орталықтың Рашид Хасенов атындағы мұражайында педагогикалық еңбек ардагерлерінің Қарағанды облысының жас педагогтерімен «JAŃASHYL USTAZ: ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесуі өтті.

Кездесу ашық диалог форматында жүргізілді. Жас педагогтер ардагер ұстаздардан өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.

Кездесу барысында оқу-әдістемелік орталықтың директоры Б. Х. Абдикерова ардагер ұстаздарды «JAŃASHYL USTAZ» зертханасының жұмысымен таныстырып, оларға білім беруге қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Іс-шара соңында жас педагогтер үшін мотивациялық тренинг сабақ өткізілді.