Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы сервис және қызмет көрсету саласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы
2022 жылдың 18 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қонақ үй әкімшілігі» («Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ базасында құзыреті бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы сервис және қызмет көрсету саласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты сервис және қызмет көрсету саласы бойынша ТжКОБ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау болып табылады.
Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.
Байқауға 3 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Қонақ үй әкімшілігі» құзыреті бойынша:
1 орын - Хамзина Адина Сериковна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ ағылшын тілінің оқытушысы;
2 орын - Зорькина Александра Николаевна, «Академик К.А. Сағынов атындағы Мектеп-интернат-колледж» ЖММ география және арнайы пәндер оқытушысы;
3 орын - Беляева Вероника Александровна, «Қарағанды сән колледжі» ЖММ орыс тілі және әдебиеті оқытушысы.
Өңірлік кезеңде 1 орын алған қатысушылары сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.