Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы сервис және қызмет көрсету саласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы
2022 жылдың 17-18 қазаны аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Киімді үлгілеу» («Қарағанды технология және қызмет көрсету колледжі» КММ базасында) құзыреті бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы сервис және қызмет көрсету саласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты сервис және қызмет көрсету саласы бойынша ТжКОБ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау болып табылады.
Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.
Байқауға 4 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Киімді үлгілеу» құзыреті бойынша:
1 орын - Тусупбаева Акбота Рамазмановна, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері;
2 орын - Щёлокова Александра Витальевна Вальдбауэр, «Қарағанды «Сервис» колледжі» ЖММ өндірістік оқыту шебері;
3 орын - Райханова Ботагоз Куанышевна, «Саран техникалық колледжі» КММ, өндірістік оқыту шебері.
Өңірлік кезеңде 1 орын алған қатысушылары сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.