2022 жылдың 18 қазанында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен "Зейін" жобасын іске асыру аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған шеберлік сабақтар өткізілді. Шеберлік сабақтарға облыстың 70 мұғалімі қатысты.
Өзінің жұмыс жүйесімен, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша әдіс-тәсілдермен, оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында өнімді жазу дағдыларын жетілдіру бойынша "Мурагер" ММЛИ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Юлия Борисовна Стожарова , Теміртау қ. №14 мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Подгорная Оксана Петровна және Қарағанды қ. № 2 лицейінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ким Анжелика Александровна бөлісті.
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған "Зейін" жобасы аясындағы шеберлік сабақтар сериясы оқу жылы бойы жалғасады.