Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнер саласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы
26-10-2022 08:22
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнер саласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы

      2022 жылдың 26 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнерсаласының «Актерлік өнер»құзыреті бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты педагогтердің мәдениет және өнер саласы бойынша шығармашылық жетістіктерін анықтау, ТжКОБ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашылық педагогтерін қолдау болып табылады.

Байқау 8 құзырет бойынша бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 35педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Актерлік өнер» құзыреті бойынша:

1 орын – Абдихаева Фарида Жапарбековна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

2 орын - Толепбекова Нургул Талгатовна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы.

 «Эстрадалық ән айту» құзыреті бойынша:

1 орын - Фадеева Ольга Николаевна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

2 орын - Токсанова Айгерим Амангельдиевна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы.

 «Домбырамен халықтық ән айту» құзыреті бойынша:

1 орын - Әбдіғалым Азат Әсетұлы,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

2 орын – Тапай Гүлмира,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы.

 «Академиялық ән айту» құзыреті бойынша:

1 орын – Бойко Светлана Константиновна,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

2 орын –Уалиева Асел Балгашевна,Муругова  Анна Владимировна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушылары;

3 орын  – Зыкова Надежда Сергеевна,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы.

 «Аспаптық орындау» құзыреті бойынша:

    1 орын – Абильдин Асет Токенович, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

    2 орын - Нуртазина Шара Кажкаримовна,Мустафина Куляй Машрабовна, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушылары;   

    3 орын - Кубат Темірлан Азаматұлы,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы.

 «Сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері» құзыреті бойынша:

1 орын - Нуртазина Махаббат Нурмухамбетовна,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

2 орын -Жусупова Рашида Чарльзовна,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

3 орын –Торегельдина Ботакоз Комзахметовна, «Қарағанды техника-құрлыс колледжі» КМҚК оқытушысы.

 «Сольфеджио, гармония, музыкалық шығармаларды талдау, музыканың қарапайым теориясы» құзыреті бойынша:

1 орын – Берлибекова Айгуль Сагитовна, Сутюшов Марат Халитович,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушылары;   

2 орын  - Нурфазылова Алия Гайнуллаевна, Мышкина Татьяна Ивановна,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушылары;   

3 орын – Жанабаева Надежда Васильевна, Рысмағанбетова Динара Жакиевна,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушылары.

«Әлемдік музыкалық әдебиеті және қазақ музыкалық әдебиеті» құзыреті бойынша:

1 орын – Кожахметова Жангул Аубакировна,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы;

2 орын  - Васина Инна Владимировна,«Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы.

Өңірлік кезеңде 1 орын алған қатысушылар мәдениет және өнер саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.