Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың қазан айының 27-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
- «RoboLand-2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VII фестивалін өткізу туралы;
- Қарағанды қаласының білім бөлімінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсыну.
- Қарқаралы ауданының білім бөлімінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсыну.
Әдістемелік күнге 25 маман қатысты.