2016 жылдың 21 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімдері үшін «Шексіз білім» жобасының I кезеңін жүзеге асыру барысында «Арнаулы салыстырмалылық теориясы тарауын қайталау» тақырыбы бойынша ҰБТ үлгілік тапсырмаларын шешудегі оқушылардың жалпы оқу дағдысын жетілдіруге бағытталған облыстық онлайн сабақ өткізілді.Онлайн сабақты Жезқазған қаласының №1 ЖББОМ 11 сыныбында физика пәнінің мұғалімі Абильдинова Мағия Рамазанқызы өткізді. Онлайн режимде сабаққа Қарағанды облысы бойынша 30 білім беру мекемелерінің физика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Сабақ үдерісінде қазіргі заман талабына сай үш тұғырлы тіл мәселесі жүзеге асырылып, физикалық ұғымдар мен физикалық шамалар үш тілде жүргізілді. ҰБТ – ға дайындық есептері Блум таксономиясын негізге ала отырып деңгей бойынша қарастырылып, жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырушы құзіреттіліктер ескерілді:
- ғылыми сұрақтарды қою мен түсіну;
- құбылыстарға ғылыми түсінік беру;
- ғылыми дәлелдерді пайдалану.
Білім беру жүйесіндегі басты мақсат өзіне-өзі есеп беріп, ойлары мен әрекеттерін талдай білетін, өзін-өзі бағалай алатын, өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асырып өркендей білетін, өз өмірі мен іс-әрекеттерін ешкімге жүгінбей, өздігімен жоспарлай алатын, жауапкершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру.