Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді
31-10-2022 16:47
Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді

      2022  жылдың 31 қазанында Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен  кәсіби құзыреттілігі жоғары, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау мақсатында математика, физика және информатика мұғалімдерінің республикалық шығармашылық  байқауының облыстық кезеңі өткізілді. 

2021 жылы байқауға облыс бойынша 102 педагог қатысты:

  • «Математика» пәні бойынша- 39 педагог.
  • «Физика» пәні бойынша - 27 педагог.
  • «Информатика» пәні бойынша - 36 педагог.