«Roboland 2022» VIІ халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі
05-11-2022 16:58

Қарағанды облысының білім басқармасы «Roboland 2022» VIІ халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалін өткізеді.

 Robоland - бұл жаңа кездесулер мен тәжірибелер, қызықты жарыстар және ынталы көрермендер.

Іс- шараның мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, техникалық пәндерді дәріптеу, білім беру робототехникасының мүмкіндіктерін көрсету.

Фестиваль 16 қызықты санатбойынша танымдық жарыстармен өтеді. Мaker Spaceкеңістігі жас инженерлер мен ересектерге арналған алаң.

Халықаралық фестивалінде Теңге алу және БИАТЛОН санаты бойынша алғаш рет жарыстар өтеді.

2022 жылғы 15 қазанда тіркеу аяқталды, Қазақстанның, Ресейдің, Грецияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның түкпір-түкпірінен 800-ге жуық қатысушы қатысады деп жоспарлануда.

«Roboland 2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VIІ фестивалі 2022 жылдың 4 және 5 қарашасында өтеді.

Іс-шараның басталуы  4 қараша сағат 09.00-де.

ФестивальҚарағанды қ. «Жастар» спорт кешенінде, «Шахтер» стадионында,  Казахстан к-сі, 1/4 өтеді.Кіру тегін.